Еуропа Одағы Сербиямен сауда келісімін тезірек жасамақ

Еуропа Одағының кеңею мәселесі бойынша үйлестірушісі Олли Рейн Сербиямен сауда келісімін тезірек жасаған жөн, бірақ келісім ратификациясын Еуропа Одағының мемлекеттері жеке-жеке шешсе болады дейді. Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері мәселені таяуда біржолата шешу керек. Голландия бүгінгі сөзінде Сербия соғыс қылмыстарын жасады деген негізгі күдікті азаматтарды ұстап берсін деді.