Кондолиза Райс НАТО, Косово мәселелері турасында албаниялық әріптесімен әңгімелесті

АҚШ мемлекеттік хатшысы Албания сыртқы істер министрі Лулзим Башамен елдің НАТО-ға қосылу ниеті мен Косовоның болашақ мәртебесі даулы пікірталасты шешу тұрғысында сөйлескен. Мемлекеттік департамент өкілі Том Кэйси Кондолиза Райс Албанияның НАТО-ға мүше болу бағытында атқарып жатқан істеріне құптау білдірді деген. АҚШ БҰҰ-ның Косовоның Сербиядан біртіндеп тәуелсіздік алуына бағытталған жоспарына қолдау танытатындығы айқын.