Қырғызстанда “Түркістанның (Өзбекстанның) ислам қозғалысының” мүшесі ұсталды

БІШКЕК: Қырғызстанның оңтүстігіндегі Үзген қаласында “Әл-Қаида” тобымен байланысы бар бұрын “Өзбекстанның...” деп аталған, енді “Түркістанның ислам қозғалысы” деп аталатын экстремистік ұйымының белсенді 1 мүшесі қолға түсті. Қырғыз ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Абулхай Юлдашевқа Қырғызстанның қылмыстық кодексінің 12, оның ішінде қарақшылық және терроризм баптары бойынша айыптар тағылған. Атап айтқанда, Юлдашев 2006-ншы жылы тәжіктер мен қырғыздардың кеден бекеттеріне жасалған шабуылға қатысты айыпталады.