Ауғанстанда апиын өндірісі өскен

Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, 2007 жылы ауған фермерлері апиын өндірісінен 1 миллиард долларға жуық ақша тапқан. Өткен жылы Ауғанстандағы апиын өндірісі 8200 тоннаға жеткен, ал 2001 жылы бұл елде 185 тонна апиын өндірілген болатын. Ауғанстан - әлемдегі ең көп апиын өндірілетін ел деп есептеледі.