Ауғанстанда бір ағылшын жауынгері қаза тапты

Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жарылыстан бір британиялық жауынгер қаза тауып, екіншісі жараланды. Британия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ол жарылыс сәрсенбі күні Хелманд өлкесінде болған, ал ағылшын сарбаздары ол жерде Талибан әрекеттеріне кедергі жасамақшы болған. Жарылысқа не себеп болғандығы белгісіз.