Косоводағы НАТО күштеріне өз қолдауын Германия одан әрі жалғастырмақшы

Германия Қорғаныс министрі Франз Жосеф Жуң бұл уәдесін Приштинада айтты. Ол мұнда Косово президенті Фатмир Сеждиюмен кездескен болатын. Германия үкіметі Косово тәуелсіздігін ресми түрде сәрсенбіде мойындаған еді. Қазірдің өзінде Косоводағы НАТО құрамында Германияның 2400 солдаты бар.