Шерушілер шабуылынан кейін Белградтағы АҚШ елшілігі ішінен адам мәйіті табылды

Өкілдің айтуынша, ол қаза болған адам сол шабуылшылар қойған өртке күйген шерушілердің бірі сияқты. АҚШ-тың Косово тәуелсіздігін мойындауына қарсы Сербия астанасындағы жаппай шеру кезінде бір топ адам АҚШ елшілігіне шабуылдаған болатын. Бұл шабуылдарды БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі айыптады. Ал, Серб басшылығының тәртіп орнатуға ұмтылысын ол қолдады. Жексенбіден бері АҚШ және бірнеше Еуропалық елдер Косово тәуелсіздігін мойындады.