Ирақтың шиит жетекшісі бітімгершілігін созды

Ирақтың ықпалды шиит жеткшісі Моқтада әл Садр өзінің Мехди армиясының алты айлық атысты тоқтату келісімін созып отыр. АҚШ пен Ирақ ресмилері бұл бітімгершілік келісімі Құрама Штаттар мен Ирақ күштеріне қарсы шабуылдардың санын және жікшілдік қақтығыстарды азайтуға көмектесті деген. Әл Садрдың өкілі бұл соғысты тоқтату тағы алты айға созылады деп айтқан. Оның шешімі мешіттегі жұма күнгі намазда айтылды.