Оңтүстік аймақ су тасқынынан зардап шегуде

Қазақстанның оңтүстік облысында қатты жауған нөсер мен қалың қардың ерігенінен су тасқыны болып жатыр. Аймақтағы Сарыағаш, Отырар және Арыс аудандарының 2 мыңға жуық баспанасы бүлінген, 5 мектеп, 2 көпір құрылыстары бұзылған. Және тасқын кезінде шамамен 400 бас мал шығыны болған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы төтенше табиғат апатына байланысты үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осы аймақтағы аудандарды аралап, жағдаймен танысып, үкімет су тасқыны салдарын жоюға 500 млн теңге көлемінде қаражат бөлуге шешім қабылдағанын айтқан.