Сайлауда жеңіске жеткен “Пәкістанның халық партиясы” тәліптерге қарсы соғысты доғаруы мүмкін

ИСЛАМАБАД: Пәкістандағы тәліптер елдің жаңа үкіметімен келіссөзге отыруға дайын. Өзінің қарулы құрамалары Пәкістанның солтүстік-батысына шоғырланған “Талибан” қозғалысы басшылығының өкілі кеше осылай деп мәлімдеді. Ол таяудағы парламент сайлауында жеңіске жеткен саяси партияларды осы аудандағы соғыс қимылдарын доғаруға шақырып, тәліптердің бітімге ұмтылатынын мәлімдеді. 18-інші ақпандағы сайлауда жеңіске жеткен “Пәкістанның халық партиясы” елдің солтүстік-батысындағы соғыс қимылдарын жартылай тоқтатуға шақырды. Бұл ауданда Пәкістанның тәліптері ғана емес, Ауғанстан тәліптерінің көсемдері де бас сауғалап жүруі мүмкін.