Рауль Кастро Кубаның президенті ретінде билікті қолына алды

Кубаның Ұлттық Ассамблеясы Фидель Кастроның мұрагер бауыры 76 жасар Рауль Кастроны ел президенті етіп бекітті. Жарты ғасырға жуық Кубаны басқарған Фидель Кастро денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кеткен еді. Өзінің алғашқы сөзінде жаңа президент барлық мемлекеттік маңызды мәселелерде ағасымен ақылдасып отырамын деп айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Кубаны бейбіт және демократиялық өзгерістерге шақырды.