Ауғандықтар Данияда Мұхаммед пайғамбардың сайқымазақ суреттері қайта басылғанына наразылық танытты

Солтүстік Ауғанстанда 700-ге тарта адам шеруге шығып, Дания басылымдарының Мұхаммед пайғамбардың суретттерін қайта басқанына қарсылық білдірді. Мазари шариф қаласындағы шерушілер сондай-ақ Нидерландыдағы Исламның қасиетті Құран кітабын сынайтын фильмнің жарыққа шығуына да наразылықтарын танытқан. Қаладағы үлкен мешіт жанына жиналған шерушілер Дания жалауын өртеп, Ислам жаулары деген ұрандар ұстап шыққан.