Қазақстанда интернет пайдаланатын азаматтардың саны 11 пайызға жетті

Қазақстан ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Құанышбек Есекеев елде интернет пайдаланатын азаматтардың саны жалпы халықтың 11 пайызына жетті деп мәлімдеді бүгін. Қазақстан үкіметінің өкілі бұл интернет бағасының төмендеуінен мүмкін болды дейді, баға одан ары түссе, интернет пайдаланатындардың саны 20 пайызға дейін өседі деп болжамдады. Қазақстан үкіметі интернет саласын кеңейту мақсатында арнайы бағдарлама қабылдамақ. Елде 15 млн шамасында тұрғын бар.