Х.Қарзай Ауған ерлерін қыздардың білім алуына мүмкіндік беруге үндеді

Бүгін 8-ші наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, Ауғаныстан президенті Хамид Қарзай ауғандық ер-азаматтар мен діни жетекшілерді қыз балалардың білім алуына жол ашуға шақырды. Қарзай өз сөзінде, елге білімді қыз-келіншектер керек, әсіресе дәрігерлер мен медбикелер қажет деген. Ауған президенті сондай-ақ, діни жетекшілерді қыздарды мәжбүрлі түрде ерте тұрмысқа беруді тоқтатуға шақырды.

“Мен барлық ауғандық ер-азаматтарды қыздарына қатысты қатыгездік пен әділетсіздікті тоқтатуға шақырамын. Оларды күштеп тұрмысқа бермеңіздер. Қыздарыңызды үлкен адамдарға қоспаңыздар”, - деген Хамид Қарзай.