АҚШ пен Ирақтың ұзақ мерзімді байланыс келіссөздері өтеді

Бүгін Бағдадта Құрама Штаттар мен Ирақ ресмилерінің екі жақты ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалыптастыру жөніндегі келіссөздері басталады. Онда АҚШ әскерінің заңды түрде орналасуы бойынша келісім жасалады. Келіссөздерге Америка жағынан Ирақтағы Құрама Штаттар елшісі Райан Крокер жетекшілік жасайды.