2007 жылы Әзірбайжанда баспасөз бостандығы жағдайы айтарлықтай нашарлаған

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің адам хұқтары жөніндегі жылдық баяндамасында хабарланып отыр. Баяндамаға сәйкес, өткен жылы Әзірбайжанда 8 журналист бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар 2007 жылдың мамыр айында 2 басылым жабылған.