Бағдадтағы жарылыстан 12 адам құрбан болды

Бағдадтың орталығында орын алған көлік жарылысынан кемінде 12 адам қаза тауып, 60 шақты адам жараланды. Бейсенбі күні болған бұл жарылысқа не себеп болғандығы белгісіз. Соңғы күндері Ирақ астанасында шабуылдардың көбейгені байқалады. Ал сәрсенбі күні Дияла аймағында АҚШ сарбаздары бір Ирақ қызын кездейсоқ атып өлтірген. Бұл туралы АҚШ әскерилері хабарлады.