Ислам Конференциясы Ұйымы Судан мен Чадты татуластырды

ДАКАР: Сенегал астанасы – Дакарда – Судан мен Чад өзара бейбіт бітімге келді. Чад пен Суданның президенттері Идрисс Деби мен Омар Әл-Башар бейбіт келісімге Ислам Конференциясы Ұйымы саммитінің сыртында қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, тараптар аймақтағы қантөгісті доғаруға бағытталған осыған дейін қол жеткен екі жақты келісімдерді орындауға міндеттенеді.