Кербала қаласында болған жанкештілік шабуылдан кемінде 43 адам қаза тапты

Жанкешті әйел бомбасын шиит кесенелеріне жақын жерде, кафе ішінде жарды. Мұны провинция әкімі Ақыл Хазаи растады. Ал Ирақ астанасы Бағдадқа кеше аяқ астынан АҚШ вице-президенті Дик Чейни келді, ол Ирақ басшыларымен кездесіп, елде қауіпсіздікті ұлғайту мәселесін талқылады.