Беларус үкіметі қамауға алынған америкалық адвокат жайында ешқандай мәлімет бермей отыр

Америкалық адвокат, 54-жасар Эмануель Зельцер 12 наурызда Беларусқа клиенттерімен кездесу үшін келгенде қамауға алынды. Беларус мемлекеттік қауіпсіздік комитеті америкалық заңгердің ұсталғанын Ассошейтед-пресс агенттігіне растады, бірақ мәселенің мән-жайын айтпады. Америкалық адвокаттың Нью-Йоркте туратын ағасы оның не үшін қамалғаны беймәлім дейді.