Қытай Тибеттегі көтерілістен 19 адам қаза болды дейді

Қытай Тибеттегі көтерілістен қаза тапқандар саны 13-тен 19-ға жетті дейді. Және ресмилер онда жараланғандар саны 600-дей болғанын айтады. Ал, Үндістанда қуғында жүрген тибеттіктер Лхаса мен басқа да қалаларда қаза болғандар саны 100 шақты адам деп отыр. Қытайдағы тибеттіктер осы аптада елдің оңтүстігіндегі провинциядағы көтерілісте полиция бірнеше адамды өлтірді десе, ресми тарап онда ешкім қаза болмады дегенді айтады.