Ирақтағы қақтығыстан кемінде 10 адам құрбан болды

Ирақтағы бүгінгі шабуылдардан кемінде 10 шақты кісі қаза болды. Бағдадтың ерекше қорғаудағы жасыл желек ауданына зымыранмен шабуыл жасалып, Үкіметтік ғимараттар орналасқан ол құрылымның сыртында тұрған екі адам мерт болды. Және Бағдадтың оңтүстігіндегі діни топтар араласқан ауданында көшедегі адамдарға үш бірдей көлікпен келіп біреулер оқ шашқанда, 7 адам қаза тауып, 16 кісі жараланған.