Мемлекеттік департамент Бағдаттағы АҚШ елшілігінің барлық қызметкерлерінің күшейтілген нұсқауларды ұстануына кеңес берді

Себебі, көтерілісшілердің дүркін-дүркін атып жатқан зымырандарынан осы аптада Америка үкіметінің 2 қызметкері қаза болды. Қызметкерлер тіпті Жасыл аймақтағы көшеге шыққан кезде де бастарына қауіпсіздік бас киімін және басқа да арнайы киімдерді киюі тиіс, делінген департаменттің елшілікке жолдаған мәлімдемесінде.