Қазақстандық кеденшілер 22 млн доллар болатын героинді тәркіледі

Бүгін Қазақстанның Кеден қызметі кеше өздерінің 22 млн доллар болатын героинді тәркілегенін хабарлады. Астанадағы баспасөз мәслихатында Кеден өкілі Сержан Дүйсебаев Қазақстан мен Ресей шекарасындағы бақылау бекетінде қазақстандық құқық органдары 500 кило героинді алып бара жатқан ресейлікті ұстағанын айтты. Ол жүргізуші Қазақстан аймағына Өзбекстаннан кірген.