Молдова парламенті жаңа үкіметті мақұлдамақ

Молдова парламенті бүгін жаңа үкіметті мақұлдайды деп күтілуде. Молдова президенті Владимир Воронин қызметінен кеткен премьер-министр Василе Тарлевтің орнына бұрынғы қаржы министрі Зинаида Грецеаниді тағайындаған болатын. Румыния мен Украинаның арасында орналасқан Молдова мемлекеті 1990-шы жылы бөлініп шыққан Трансднестр аймағына қатысты дауды шешуге әрекет етіп жатыр.