“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы басшысы пара аллды деген күдікпен ұсталған

АСТАНА: Қазақстанның қаржы полициясы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының президенті Ж.Құлекеевті қамауға алды. Қаржы полициясының баспасөз-қызметі хабарлағандай, Ж.Құлекеев сейсенбі күні ұсталған. Қазір тергеу жүргізілуде. Баспасөз-қызметінің жетекшісі Әбдірәлі Бөлебаев тергеуге кедергі болмас үшін Ж.Құлекеевке қандай бап бойынша айып тағылатынын айта алмады. Ж.Құлекеев “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының президенті болып өткен жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.