Халықаралық Гаага трибуналы Косовоның экс-премьерін толық ақтады

ГААГА: Соғыс қылмыстарын қарайтын Халықаралық Гаага трибуналы “Косовоның азат ету армиясы” қолбасшыларының бірі болған Рамуш Харадинайды Косово өлкесіндегі сербтерді қырып-жойды деген айыптан босатты. Харадинайға 1998-1999-ыншы жылдардағы соғыс кезінде сербтерді азаптап, қырып-жойды деген айыптар тағылып, прокуратура оны 25 жылға түрмеге кесуді сұраған болатын.