Дүниежүзілік банктің президенті әлемнің ең бай елдерін кедей елдерге көмектесуге шақырады

ВАШИНГТОН: Дүниежүзілік банктің президенті Р.Зеллик азық-түлік бағасының қазіргі өсуі кедей елдердегі аштық пен жаппай халық толқуын туғызуы мүмкін деп ескертеді. Кеше Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Р.Зеллик осы 2 қаржы институтына қатысы бар елдерді әлемнің ең кедей елдеріне азық-түлік көмегін көрсету үшін БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасына 1-інші мамырға дейін 500 млн. доллар беруге шақырды. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, соңғы айлардың ішінде күріштің бағасы 75 пайызға, ал астықтың бағасы өткен жылы 120 пайызға дерлік қымбаттады.