Путин бүгін «Единая Россия» партиясының басшысы болды

Елдегі ең ірі бұл партияның Мәскеудегі конгресінде сөйлеген сөзінде қызметінен кететін президент Владимир Путин, егер жаңа сайланған президент Дмитрий Медведев ұсынса, үкімет басшысы болғысы келетінін де айтты. Медведев ондай ойды бұдан бұрын білдірген болатын. «Единая Россия» парламенттің Төменгі палатасына бақылау орнатып отыр. Ол сондай-ақ Кремльмен тығыз байланыста. Путин президенттіктен мамырдың 7-де кетуі тиіс.