Қазақстан қыркүйек айына дейін астық экспортына тыйым салды

Қазақстан үкіметі азық-түлік тапшылығын болдырмас үшін осы жылғы қыркүйек айының басына дейін астықты сыртқа шығарып, сатуға шектеу қойды. Орта Азия аймағындағы астық экспорттаушы ең үлкен ел - Қазақстан негізінен Тәжікстан, Қырғызстан елдерін жыл сайын көп мөлшерде астықпен қамтамасыз етеді. Қазақстан сондай-ақ жылына Әзірбайжанға 300 мың тоннадай астық жөнелтеді.