Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Қытайдағы талқылаулар нәтижесіз аяқталды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес мүшесі мен Германия өкілдері кездесудің күн тәртібіндегі мәселе турасында ешқандай қарар қабылдаған жоқ. Қытай делегациясының өкілі бас қосуға қатысушылардың тек қана Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді қайта жаңғыртуға келіскенін айтқан.