Ахмединежад мұнай бағасы әлі де тым төмен деген

Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад рекордтық көрсеткішке жетіп бір баррелі 117 доллар болған мұнай шикізатының бағасы әлі де тым төмен деді. Ахмединежад мұнай шынайы өз құнын қажет ететін стратегиялық тауар деген. Иранның мұнай экспорты елдің шетелден келетін табысының 80 пайызын құрайды.