Ауғанстанда 11 тәліп өлтірілді

Ауғанстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде орын алған шабуылдарда 11 талибан жауынгері өлтірілген. Кеше Хелманд өлкесінің Гармсер ауданында Ауған әскерилері мен халықаралық күштер тәліптермен шайқасып, 7 бұлікшінің көзін жойған. Ал 4 талибандық жауынгер сол күні Қандағарда өлтірілген. Сонымен қатар, Забул өлкесінде орын алған жарылыстан 5 сарбаз жарақат алды деп хабарланып отыр.