АҚШ мемлекеттік хатшысы Ирақ үкіметіне қолдау білдірді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ирақ басшылығы бұрынғыдан да жақсырақ біріккен көрінеді деп мәлімдеді. Бүгін күтпеген жерден Бағдадқа келген Райс ханым Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликидің үкіметіне шиит жауынгерлерін басып жаншуына байланысты қолдау білдірді. Ал бұл арада, шииттердің радикалды көсемі Моқтада әл-Садр егер Мехди армиясына шабуылдар тоқтатылмаса, ашық соғыс жариялаймын деп ескертті.