Париж қалалық кеңесі Далай Ламаға Құрметті азамат атағын беруге шешім қабылдады

Тибет буддашыларының көсеміне жасалған бұл құрметке Франция президенті Николас Саркози қарсы шықты. Ол Бейжің мен Париж арасында туындаған теке-тіресті жұмсартпақшы. Аталған теке-тірес бұдан екі апта бұрын Парижде болған Олимпиада алауын алып өту кезіндегі орын алған жайсыз оқиғаларға байланысты пайда болған еді.