ЕҚЫҰ Бас хатшысы Бішкекте жүргенде Туп қаласында оппозиция өкілдері шеру өткізді

Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Бішкекте ЕҚЫҰ-ның бас хатшысымен кездесті. Дәл осы уақытта 200-дей оппозция мүшесі Ыстықкөл аймағындағы Туп қаласына жиналып, Қазақ-Қырғыз шекара келісімінің бекітілуіне наразылық танытты. Оппозция өкілдері осы мәселе бойынша Бішкекте де шеру жасамақшы. «Азаттықтың» қырғыз қызметінің тілшілері хабарлағандай, шерушілердің біразына билікке жақын топтар шабуыл жасаған.