АҚШ Беларусқа қандай шара қолдану керектігін қарастыруда

Америка Құрама Штаттары Минсктің 10 АҚШ дипломатын елден шығаруына байланысты Беларусқа қандай шара қолдану керек екендігін қарастыруда. Аты-жөнін атығысы келмеген ресмилердің айтуынша, Вашингтон барлық Беларусь дипломаттарын АҚШ-тан шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ал АҚШ Мемлекеттік Департаментінің баспасөз-хатшысы Том Кэйси бұл жайлы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді, бірақ ресми Вашингтон әртүрлі варианттарды қарастырып жатыр деп хабарлады. Беларустегі адам хұқтарының бұзылуына байланысты АҚШ оған қарсы экономикалық шектеулер енгізген соң, Беларусь билігі АҚШ елшілігіндегі қызметкерлердің санын азайтқан болатын.