Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі елдегі 22 баланың өліміне әкелген жұқпалы дертті бақылау турасында жаппай дабыл қағып отыр. Бұл елдің денсаулық сақтау мамандары баланың аяқ-қол мен ауыз қуысының ауруын тудырып, елде кеңінен етек жайған “EV-71” вирусын бақылаудан өткізіп, тексеріп жатыр. Қол-аяқ пен ауыз ауруы өте жұқпалы және ауырған баланың сілекейі арқылы тез таралып отыр. Мұнымен әдетте кішкентай балалар ауырады.