Ирақта журналист әйелді белгісіз біреулер атып өлтірген

Полицияның айтуынша Мосул қаласында таксимен жұмысына кетіп бара жатқан жолда тоқтатқан адамдар журналист Серу Абдал Уахабты сыртқа шығарып, басынан атқан. Нью-Йорктегі журналистерді қорғау комитеті Ирақтың журналистер үшін ең қатерлі аймақ екендігін мәлімдеген. 2003 жылдан бері Ирақта 127 журналист қаза тапқан.