Ирақ президентінің әйелі жарылыстан аман қалды

Бағдадта Ирақ президенті Жалал Талабанидің әйелі кетіп бара жатқан машиналар керуеніне шабуыл жасалды деп хабарланды. Хиро Ибрагим Ахмедтің өзі аман болғанымен, оның 4 күзетшісі жарақат алған. Жарылыс президенттің жұбайы театрға бара жатқан жолда болған.