Литва Косовоның тәуелсіздігін мойындады

Литва парламенті Косово аймағының Сербиядан тәуелсіздік алуын танимыз деп дауыс берді. Ақпан айында Косово провинциясының Сербиядан өзінің тәуелсіздігін жариялауын әлемнің 40-тай мемлекеті мойындап үлгерді. Олардың қатарында АҚШ-тан бастап, 27 мемлекет кіретін Евродақтың көптеген елдері бар. Сербия өзінің дәстүрлі одақтасы Ресеймен және Евродақтың аздаған елдерімен бірге Косово тәуелсіздігіне қарсылық танытуда.