Түркия әскерилері 20 шақты күрд көтерілісшісін өлтіргенін хабарлады

Түркия әскерилері елдің оңтүстігінде күрдтердің 20 шақты жікшіл содырларын өлтірдік деп отыр. Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында түркиялық әскерилер Күрд жұмысшылар партиясының жауынгерлері жұма күні Ирақ шекарасынан келіп, әскери бекетке шабуылдағанда екі түрік әскері қаза тапты деген. Түркиялық әуе ұшақтары оған кек қайтару үшін Түркиямен шекарадағы Ирақ аймағына бомбалық шабуылдар жасаған. Онда 20 күрд жауынгері өлгені хабарланды.