Қазақстанның қаржы полициясы “Антикоррупционный вестник” басылымының меншік иесін қамауға алды. Тоқберген Әбиевке парақорлықпен айналысты деген айыптар тағылып отыр. Қаржы полициясы таратқан ақпараттарға қарағанда, Әбиев сыбайласқан жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкеріне шамамен 2 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.