Ауғаныстанда жол бойына қойылған бомбадан 12 адам қаза болды

Ауған ресмилерінің хабарлауынша, елдің Фарах провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылысынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. Провинция басшылығының айтуынша, жолаушылар көлігі көрші Нимроз провинциясына бара жатқанда жарылған. Бүгін сондай-ақ, Қабулдың оңтүстігіндегі Логар провинциясында полиция басшылығы жол бойына қойылған бомбадан полицияның көлігі жарылып, төрт қызметкер мерт болғанынын айтып отыр.