Иран МАГАТЭ-нің есебі ядролық жұмыстар бейбіт мақсатта екенін көрсетеді деді

Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің соңғы есебі Техранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін көрсетті деп отыр. Али Ашғар Солтанидің айтуынша, МАГАТЭ-нің баяндамасы Иранның ядролық жұмыстары мен материалдарының әскери мақсаты жоқ екенін танытты. Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бұл құжатында сонымен қатар, Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты ақпаратты тығып отыр деп те айтылған.