Путин Францияға барады

Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путин Францияға ресми сапармен барады. Бұл оның үкімет басшысы ретінде жасап отырған алғашқы ресми сапары. Өткен айда президент лауазымынан кеткен Путин алдымен Франция премьер-министрі Франсуа Фийонмен келіссөз өткізіп, кейін президент Николя Саркозимен кездеседі.