Ресей үкіметі кабинеттегі қызмет үшін АҚШ-тағы елшісін кері шақырып алды

Юри Ушаков үкімет кеңсесі басшысының орынбасары боп бекітілді. Оның міндеті үкімет басшысы мен кабинеттің сыртқы істер бойынша байланысын үйлестіріп отыру болмақшы. Владимир Путиннің 8 жылдық президенттігі тұсында Ушаков Ресейдің АҚШ-тағы елшісі боп келген еді.