Шахтинскідегі өртте екі бала қаза тапты

Дүйсенбі күні Шахтинск қаласында көппәтерлі үйде шыққан өрт салдарынан екі бала қаза тапқандығы туралы маусымның 10-күні ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Министрліктің дерегіне сүйенсек, 9 маусымда 14 сағат 30 минутта бес қабатты тұрғын үйдің пәтері өртеніп, салдарынан жас нәресте сол жерде көз жұмып, ал көмір қышқыл газынан уланған 4 жасар бала ауруханада өлген.