Қазақстан президенті Н. Назарбаев Францияда ресми сапармен жүр

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Францияда жүр. Онда Назарбаев франциялық әріптесімен және басқа да ресмилермен келіссөздер өткізуде. Кездесуде екіжақты қарым-қатынас пен іскерлік байланыстарды кеңейту мәселелері қаралуда. Қазақстан президентімен бірге елдегі ірі өнеркәсіп орындары – «Самрұқ», «Қазмұнайгаз» және «Қазатомпромның» атқарушы директорлары жүр.