Ресейде пойыз апатынан ондаған адам жараланды

Бүгін Ресейдің Амур облысында болған пойыз апатынан 60 адам жараланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз өкілінің хабарлауынша, жарақат алғандардың алтауы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл пойыз Сібірдің Нерюнгри қалашығынан Хабаровск қаласына аттанған болатын.